Әбу-Дабиде қорғаныс өнеркәсібінің жаңа өнімдері ұсынылады

ӘБУ-ДАБИ. 17 ақпан. ҚазАқпарат - Бүгін Әбу-Дабидегі «ADNEC» көрме орталығында қорғаныс технологияларының «IDEX-2013» халықаралық көрмесі ашылады.
None
None

Бұл шара екі жылда бір рет Біріккен Араб Әмірліктерінің президенті, БАӘ қарулы күштерінің жоғарғы бас қолбасшысы және Әбу-Даби билеушісі шейх Халифа бен Зайед Әл-Нахайянның қамқоршылығымен өтеді. Биылғы жылы 17-21 ақпан күндері өтетін көрмеге әлемнің елуден астам елдерінен сегіз жүзден аса әскери қару-жарақтар өндірушілер қатысады.

Кеше БАӘ қарулы күштерінің Офицерлер клубында IDEX ресми конференциясы - «Парсы шығанағы елдері қорғаныс конференциясы» ашылды, оған БАӘ, АҚШ, Франция, Ұлыбритания, Швеция, Швейцария, Грекия, Оңтүстік Корея және басқа да елдердің әскери топтарының жоғары шенді өкілдері қатысты.

Конференцияның кіріспе бөліміне ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік кеңесші, Әбу-Даби Атқарушы кеңесі төрағасының орынбасары шейх Хазза бен Зайед Әл-Нахайян қатысты.

Қатысушылар алдында отставкадағы генерал-майор, INEGMA ғылыми-сараптама институтының президенті, және БАӘ ӘҚК және Әуе шабуылынан қорғанысының бұрынғы қолбасшысы Халед Абдулла Әл Бу-Айнаин, Француз қорғаныс министрі Жан-Ив Ле Дриан, Ұлыбритания қорғаныс министрі Филипп Данн және басқалар сөз сөйледі. Конференцияда сөз алғандар Таяу Шығыс аймағында болып жатқан серпінді өзгерістерді атап өтті. Бұл орайда қорғаныс және қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықтың маңызы аталып өтілді. Бұдан әрі конференция секциялар бойынша одан әрі жалғасты.

Соңғы жаңалықтар