Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Әбу-Дабиде танымал халықаралық такси сервистері жұмыстарын тоқтатты

ӘБУ-ДАБИ. ҚазАқпарат - Әбу-Дабиде сенбі күні түстен кейін ұялы қосымшалар арқылы жеке тасымалмен айналысатын "Юбер» (Uber) және «Карим» (Careem) компаниялары кенеттен өздерінің қызметтерін тоқтатты.

Әбу-Дабиде танымал халықаралық такси сервистері жұмыстарын тоқтатты

Ұялы телефонды пайдаланушыларға «Uber» компаниясынан «болжанбаған жағдайларға байланысты біз Әбу-Дабидегі өз қызметімізді тоқтатамыз» деген хабарламалар түскен.

БАӘ-дегі «Uber» және  «Careem» өкілдері әзірге жағдайға түсіндірме бермей отыр. Екі компанияд а Әбу-Даби әмірлігінде 2013 жылдан жұмысын бастаған болатын.

Бұдан бұрын Дубайдың Жол және көлік жөніндегі комитеті мен «Uber» осы сервисті толық жария ету жолын таба алмай отырғаны белгілі болған еді. Қызметтің мұндай түрі шешілмеген және БАӘ-дегі заңдар мен ережелерде тыйым салынбаған. Сөйтіп,  «Uber» қызметі жергілікті тыйым салуларға жатпаған.

Ағымдағы жылғы шілде айында компания қызықты маркетингтік жүріс жасады: БАӘ тұрғындарына жазғы ыстық аптаппен балмұздақ арқылы күресуді ұсынды. Компания балмұздақты БАӘ-нің кез келген нүктесіне 11 АҚШ долларына жеткізіп беруге тапсырыстар қабылдады.