Әбу-Дабиде жарылыс болды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Дүйсенбі күні Әбу-Дабидегі мейрамханалардың бірінде жарылыс болды. Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады.

Әбу-Дабиде жарылыс болды

Khaleej Times газеті электрондық нұсқасында мәлім еткендей, оқыс оқиға газ баллонының жарылуы салдарынан болуы мүмкін.

Басылымның атап өтуінше, келеңсіз жағдай орын алған көше жабық: зардап шегушілер алғашқы көмек көрсету үшін медициналық мекемеге жеткізілген.

фото:https://news.rambler.ru/