Әбу-Дабиде «Жұлдызды әскерлер» фильмдер мұражайы құрылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Әбу-Даби билігі «Жұлдызды әскерилер» фильмінің желісімен мұражай құруға ниетті, деп хабарлады әмірлік БАҚ-тары.

Әбу-Дабиде «Жұлдызды әскерлер» фильмдер мұражайы құрылады

Мамыр айы бойы Әбу-Дабиден 150 шақырым жердегі Лива оазисінде қатаң құпия түрде жаңа киноэпопеяның жетінші бөлімі түсірілген. Түсірілім алаңында ауқымды декорациялар: мұнара, ғарыш кемесі, ескі базар салынды. Әбу-Даби билігі жаңа мұражайға түсірілімнен қалған реквизит пен декорацияларды қоюды жоспарлап отыр. Фильмнің алғашқы бөлімдеріндегі шөл пейзаждары Тунисте түсірілген.