Әбу-Дабидегі Grand Slam турнирінде екі қазақстандық дзюдошы қолаға таласады

АСТАНА. KAZINFORM – Дзюдодан Қазақстан командасының екі өкілі Карина Такиева мен Назгүл Маратова Әбу-Дабидегі (БАӘ) Grand Slam турнирінің финалдық блогына шықты, деп хабарлайды Olympic.kz. 

Әбу-Дабидегі Grand Slam турнирінде екі қазақстандық дзюдошы қолаға таласады
Фото: ҰОК

Екі спортшы қыз да 78 келіден жоғары салмақта қола жүлдеге таласады. 

Такиева татамиге хорватиялық Хелена Вуковичпен шығады. Ал Назгүл Маратованың қарсыласы Анастасия Холодилина (Ресей) болмақ.

Еске сала кетейік, бұған дейін Назгүл Маратованың Әбу-Дабидегі Grand Slam турнирінің финалына жолдама үшін күресетінін жазған едік.