Әбу-Дабидегі ең биік ғимаратқа Дубай әмірінің есімі берілді

ӘБУ-ДАБИ. ҚазАқпарат - БАӘ-нің астанасы Әбу-Дабидегі биіктігі 382 метр болатын «World Trade Center» (Дүниежүзілік сауда орталығы) деген атпен танымал ең биік ғимарат Дубай әмірлігін басқарушы, БАӘ премьер-министрі шейх Мұхаммед бен Рашидің әл Мактумның құрметіне аталатын болды.

Әбу-Дабидегі ең биік ғимаратқа Дубай әмірінің есімі берілді

Әмірліктің зәулім ғимаратаның жаңа аты - Mohammed bin Rashid Tower. Ғимаратта 474 пәтер бар. Сәл кейінірек мұнда әлемдік жүйедегі «Marriott» қонақүйі жұмыс істей бастайды. Ғимарат Әбу-Даби халықаралық сауда орталығының бір бөлігі болып табылады.