Абылай Мырзахметов «Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасы болып қайта сайланды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Абылай Мырзахметов «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма төрағасы болып қайта сайланды.

«2014 жылдың 25 маусымында ҰКП-ның бірінші съезінің шешімімен басқарма төрағасы мен мүшелерінің өкілеттігі екі жылдық мерзіммен бекітілген. 2016 жылдың 25 маусымында басқарма мүшелерінің өкілеттігі мерзімінің аяқталуын ескере отырып, басқарма төрағасы мен мүшелердің өкілеттігін тағы екі жылға ұзарту ұсынылады,  яғни 2018 жылдың 25 маусымы аралығына дейін», - деді палатаның үшінші съезінде «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының төралқа төрағасы Тимур  Құлыбаев.

Осы ретте бұл ұсыныс съездің қарауына енгізілді. Делегаттар басқарма төрағасы мен мүшелерінің өкілеттігін ұзартуға бірауыздан дауыс берді.

«Бүгін басқарманың баяндамасын тыңдап шықтық. Бұл тұрғыда «Атамекен» орталық және өңірлік деңгейлерде бизнес пен билік арасында нақты түрде диалог алаңына айналуы үшін шынымен де ауқымды жұмыстар атқарылған. Менің ойымша, бүгінде «Атамекен» барша еліміз бойынша кәсіпкерлер үшін қолдау болып отыр», - деді Т. Құлыбаев.

Соңғы жаңалықтар