Абылайхан Жүсіпов Олимпиада жолдамасын жеңіп алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Қытайда бокстан Азия және Мұхит аймағы елдері бойынша Олимпиада ойындарына жолдама берілетін турнирдің жартылай финалдық бәсекелері өтіп жатыр.
None
None

Осыдан бірер сәт бұрын 64 келіде рингке шыққан қазақстандық боксшы Абылайхан Жүсіпов қытайлық былғары қолғап шебері Цянксун Худы 3:0 есебімен тізе бүктіріп, финалға шықты.

Айта кетейік, шешуші кезеңге шыққан боксшыларға Олимпиада жолдамасы беріледі. Осылайша Абылайхан Риодағы байрақты бәсекеде ел намысын қорғауға мүмкіндік алды.
Өкінішке қарай күндізгі сессияда 56 келіде өнер көрсеткен Қайрат Ерәлиев үндістандық Шива Тапаға жол берген еді. Алайда әлі де үміт бар. Ол ертең, 1 сәуір күні Марио Фернандес (Филиппин) - Чатчай Бутди (Таиланд) жекпе-жегінде жеңілген боксшымен жолдамаға таласады.

Соңғы жаңалықтар