Абзал Нүкенов Президент Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі болды

АСТАНА. KAZINFORM – Ақорда Абзал Нүкеновтің Президент Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалғанын хабарлады.

Нукенов Абзал Нукенович
Фото: Kazinform

- Мемлекет басшысының өкімімен Айжан Болатқызы Шайназарова Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылды.

Абзал Нүкенұлы Нүкенов Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды, - деп жазды ресми дереккөзден.

Абзал Нүкенов 1978 жылы 21 шілдеде Алматы облысында дүниеге келді.

1995 - 2000 жылдар аралығында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де «Саясаттану» мамандығы бойынша білім алды. Саяси ғылымдар кандидаты (2004 ж.)

2000 - 2005 жылдар – «Отан» партиясы Орталық аппаратының идеологиялық бөлімшесі секторының меңгерушісі, кеңесші.

2005 – 2006 жылдар – Алматы қ. Ішкі саясат департаментінің үкіметтік емес ұйымдармен және діни бірлестіктермен жұмыс бөлімінің басшысы.

2006 жылғы қыркүйекте Алматы қ. Әуезов ауданы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.

2009-2011 жылдар – Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Заманауи зерттеулер институтының директоры.

2011-2016 жылдар – ҚР Қауіпсіздік Кеңесі Аумақтық орталығының сектор меңгерушісі, меңгерушінің орынбасары, меңгеруші.

2016 жылы ҚР дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі болып тағайындалды.

«Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.

Бұған дейін Қанат Құлшымановтың жаңа қызметке тағайындалғанын жаздық.

 

Соңғы жаңалықтар