Абзал Рақымғалиев халықаралық мәнерлеп сырғанау турнирінің қола жүлдегері атанды

АСТАНА. 23 қыркүйек. ҚазАқпарат - Миланда мәнерлеп сырғанаудан дәстүрлі «Ломбардия Кубогы» халықаралық турнирі аяқталды, деп хабарлады Sports.kz.

Абзал Рақымғалиев халықаралық мәнерлеп сырғанау турнирінің қола жүлдегері атанды

Ерлер арасындағы сында қазақстандық Абзал Рақымғалиев үшінші орынған ие болды. Алтын мен күміс жүлде швециялық Александр Майоров пен филиппиндік Кристофер Каллусаға бұйырды.