ӘЧ-2014: Алжир сенсациялық жеңiстi қолдан сусытып алды - ВИДЕО
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгiн Бразилияда футболдан әлем чемпионатының топтық кезеңiнде Алжир мен Бельгия құрамалары кездесiп, мундиальдағы алғашқы ойындарын өткiздi.
Айта кетейiк, Кампани, Ван Бюйтен, Азар сынды танымал футболшылар бастаған Бельгия құрамасы бұл кездесудiң фавориттерi деп танылған болатын. Алайда бiрiншi таймда алғашқы голды алжирлiктер пенальтидiң арқасында салып, алға шығып кеттi және бұл басымдығын матч соңына дейiн ұстап тұра алды. Дегенмен алаңға екiншi таймда шыққан Феллайни ойынның 70-минутында есептi теңестiрдi. Ал он минуттан кейiн Мартенс бельгиялықтарға жеңіс алып келді. Қорытынды есеп - 2:1.