ӘЧ-2014: Ангела Меркель Германия құрамасын жеңiсiмен құттықтады - ФОТО
АСТАНА. ҚазАқпарат - Германия канцлерi Ангела Меркель Бразилияда өтiп жатқан футболдан әлем чемпионатының бiрiншi матчындағы жеңiсiмен құттықтады.
Ойыннан кейiн ол бундестимнiң киiм ауыстыратын бөлмесiне бас сұқты. Айта кетейiк, "немiс машинасы" бүгiн Португалия құрамасын 4:0 есебiмен ойсырата ұтқан болатын.
Келесi ойынды Германия 20 маусым күнi Ганаға қарсы өткiзедi.
"Құттықтаймыз - турнир тамаша басталды", - деп жазды канцлердiң баспасөз хатшысы Штеффен Зайберт твиттер желiсiндегi оқырмандарға.