ӘЧ-2014: Аптап ыстыққа байланысты үзіліс әр матчтағы жағдайға байланысты ғана қарастырылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Халықаралық футбол қауымдастығы федерациясы (ФИФА) Бразилиядағы футболдан әлем чемпионатында аптап ыстыққа байланысты міндетті үзілістерді енгізбейді.

ӘЧ-2014: Аптап ыстыққа байланысты үзіліс әр матчтағы жағдайға байланысты ғана қарастырылады

Бұл туралы ұйымның ресми сайтында мәлім етілді.

Үзілістерді енгізу туралы шешім әлемдік бәсекеде әр матчтағы жағдайға байланысты ғана қабылданады. Егер ауа температурасы 32 градустан жоғары болса ғана ФИФА-ның медициналық штабының өкілдері ФИФА бас үйлестірушісімен және матч комиссарымен бұл мәселені талқыламақ. Ал ақырғы шешім кездесудің бас төрешісімен келісіліп қабылданады.

Мұндай жағдайда ойынның 30-ыншы, сондай-ақ 75-інші минуттарында үзіліс жасау жоспарланып отыр. Әр таймда негізгі уақыттан соң үш минуттан қосылатын болады.