ӘЧ-2014: Аргентина құрамасының фанаттары Буэнос-Айресте полицияны таспен атқылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Футболдан әлем чемпионатының финалында ұтылып қалған Аргентина құрамасының фанаттары Буэнос-Айрестің орталығында оларды таратуға тырысқан полицияға тас лақтырып, қарсылық танытқан.

ӘЧ-2014: Аргентина құрамасының фанаттары Буэнос-Айресте полицияны таспен атқылады

Өз кезегінде полиция оларды тоқтату үшін көзді жасаурататын газды пайдалануға мәжбүр болды.

Ал Германия құрамасының жанкүйерлері Рио-де-Жанейродағы «Маракана» стадионында өздерінің құрамасының жеңісін бимен атап өтті. Оларға кейіннен дәстүрлі түрде аргентиналықтарды бәсекелес көретін бразилиялық фанаттар қосылған көрінеді.

Шетелдік БАҚ-тың жазуынша, Берлиндегі және Мюнхендегі жанкүйерлер қала көшелеріне шығып, ән айтып көңіл көтерген екен.

Германия Латын Америкасында Әлем чемпионатын жеңіп алған бірінші еуропалық команда болып табылады.