ӘЧ-2014: Аргентина-Нидерланды матчы бір минут үнсіздікпен басталады
АСТАНА. ҚазАқпарат - ФИФА әлем чемпионатының жартылай финалындағы Аргентина-Нидерланды матчын әйгілі футболшы Альфредо Ди Стефаноның құрметіне бір минуттық үнсіздікпен бастауға рұқсат берді, деп хабарлайды AS.
Дереккөздің мәліметтері бойынша, бұл шешімді ФИФА басшысы Йозеф Блаттер жеке қабылдаған. 5 шілдеде 88 жастағы аргентиналық форвард Ди Стефаноның жүрегі кенеттен сыр беріп, футболшы комаға түсіп қалған болатын. 7 шілде күні "Алтын доптың" екі дүркін иегері Ди Стефано Мадридтегі ауруханалардың бірінде көз жұмды.
Матч Сан-Паулуда Астана уақыты бойынша 02:00-де басталады.