ӘЧ-2014: Бірнеше күн ұйықтамаған қытайлық жанкүйер матч кезінде көз жұмды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайда бірнеше күн ұйықтамаған футбол жанкүйері көз жұмды деп хабарлады Eurosport. Жұма күні Сучжоу қалалық округінде үйіндегі теледидар алдында өліп жатқан 25 жастағы ер адамның мүрдесі табылды.

ӘЧ-2014: Бірнеше күн ұйықтамаған қытайлық жанкүйер матч кезінде көз жұмды

Ол қайтыс болғанға дейін Бразилияда өтіп жатқан Испания мен Нидерланды футбол құрамаларының кездесуін тамашалағаны белгілі болды.

Қытайлықтың неден өлгені әлі белгісіз, ағзаның әлсіреуі ме, әлде ұйқының депривациясынан жүрек талмасы ма, әзірге нақты анықталған жоқ. Айта кетейік, әлем чемпионатына бара алмаған футбол жанкүйерлеріне түн ортасында теледидардан тікелей эфирдегі ойынды тамашалау үшін күндіз жақсылап тынығып алуларына тура келеді.