ӘЧ-2014: Босния және Герцеговина құрамасы Иранды келесi кезеңге өткiзген жоқ - ВИДЕО
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгiн Бразилияда әлем чемпионатында өткен Босния және Герцеговина-Иран кездесуi 3:1 есебiмен аяқталды.
Осы жеңiлiсiнен кейiн 1 ұпаймен қалған Иран құрамасы плей-оффқа шығар жолдамадан қағылды. Босния және Герцеговина ойын барысында 2 жауапсыз доп салған болатын. Алдымен 23-ші минутта Эдин Джеко есеп ашса, екiншi таймда Миралем Пьянич есептi еселедi. Матчтың 82-ші минутында Реза ирандықтардың мундиальдағы алғашқы голын салып, есептi 2:1-ге дейін қысқартты. Дегенмен бiр минуттан соң Авдия Вршаевич босниялықтардың үшiншi добын салды.
F тобында Аргентина 9 ұпаймен көш бастап, плей-оффқа шықты. 4 ұпайы жинаған Нигерия құрамасы да 1/8 финалға жолдама алып отыр. Ал Босния және Герцеговина (3 ұпай) мен Иран құрамалары (1 ұпай) жарысты осымен тәмамдады.