ӘЧ-2014: Бразилия Чилидi пенальти сериясында тiзе бүктiрiп, ширек финалға өттi - ВИДЕО

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгiн Бразилияда футболдан әлем чемпионатының 1/8 финалдық кезеңде Бразилия мен Чили құрамалары кездестi.

ӘЧ-2014: Бразилия Чилидi пенальти сериясында тiзе бүктiрiп, ширек финалға өттi - ВИДЕО

Ойынның 18-ші минутында бразилиялық қоғаушы Давид Луиз бұрыштама добы кезiнде қақпаға гол салып, матчта есеп ашқан болатын. Бiрақ көп ұзамай, 32-ші минутта Алексис Санчес алаң иелерiнiң қателiгiн пайдаланып, есептi 1:1-ге жеткiздi.

Осылайша командалар ойынды овертаймға ауыстырды. 30 минуттық кезеңде қарсыластар қақпаға доп сала алмады және матчтың тағдырын пенальти сериясында шешуге аттанды.

Бұл сында бразилиялықтардың қақпашысы Жулио Сезар екi пенальтидi қағып, пентакампеонеларды ширек финалға шығарды.