ӘЧ-2014: Бразилиядағы Әлем чемпионатының жабылу рәсімі өтті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Чемпионаттың жабылуы Рио-де-Жанейро қаласындағы әйгілі «Маракана» стадионында өтті.Салтанатты шарада колумбиялық атақты әнші Шакира «La la la» әнін шырқады. Сонымен қатар, Карлос Сантана, Жан Вайклеф және Алешандре Пирес өнерін көрсетті, деп хабарлады «РИА Новости».
Жабылу рәсіміне 1000-ға жуық адам қатысты. 400 адам самбо биін биледі. Әлем чемпионаты Бразилияның 12 қаласында өтті. Жеңімпаз командаға 35 млн. АҚШ доллары табыс етілетін болса, екінші орынға 25 млн., 3-ші орынға 22 млн. беріледі.