ӘЧ-2014: Бүгiн Англия - Италия және тағы 3 матч бар
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгiн Бразилияда футболдан Әлем кубогы жолындағы жарыстың үшiншi күнiнде төрт кездесу өткiзіледi.
Атап айтқанда, топтық кезеңде Колумбия - Грекия, Кот-д'ивуар - Жапония, Уругвай - Коста-Рика, Англия - Италия құрамалары өзара кiм мықтыны анықтамақ.
Астана уақыты бойынша, 22:00 сағатта Колумбия мен Грекия ("Еуразия" мен KazSport), 01:00 сағатта Уругвай мен Коста-Рика (KazSport пен "Қазақстан"), 04:00 сағатта Англия мен Италия ("Еуразия"), 06:15 сағатта Кот-Д'Ивуар мен Жапония құрамаларының матчтары өтедi.