ӘЧ-2014: Бүгiн Аргентина мен Нидерланды финалға берiлетiн жолдаманы сарапқа салады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгiн Бразилияда футболдан әлем чемпионатының жартылай финалдық бәсекесi өтедi. Финалға берiлер екiншi жолдаманы Аргентина мен Нидерланды құрамалары өзара сарапқа салады.
Астана уақыты бойынша, сағат 02:00-де басталатын матчты KazSport пен «Қазақстан» телеарналары көрсетедi.
Ойында жеңiмпаз атанған команда 13 шiлдеде ақтық сында Германиямен кездеседi.