ӘЧ-2014: Бүгiн Аргентина-Швейцария және Бельгия-АҚШ құрамалары кездеседi
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгiн, 1 шiлдеде Бразилияда футболдан әлем чемпионатының 1/8 финалы аясындағы кезектi матчтар өтедi.
Астана уақыты бойынша сағат 22:00-де Аргентина мен Швейцария ширек финалдың жолдамасын сарапқа салады. Бұл ойынды "KazSport" және "Қазақстан" телеарналары көрсетедi.
Ал сағат 02:00-де Бельгия футболшылары АҚШ құрамасына қарсы ойын өткiзедi. Матч "Еуразия" Бiрiншi арнасынан" трансляцияланады.