ӘЧ-2014: Бүгiн Германия-Гана және тағы 2 кездесу өтедi

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгiн, Бразилияда футболдан әлем чемпионатының оныншы ойын күнiнде F және G топтарындағы командалардың кездесуi өтедi.

ӘЧ-2014: Бүгiн Германия-Гана және тағы 2 кездесу өтедi

Астана уақыты бойынша, сағат 22:00-де Аргентина Иранмен өзара кiм мықтыны анықтамақ. Матч KazSport және "Қазақстан"телеарналары арқылы көрсетiледi.

Күннiң орталық матчы - Германия-Гана кездесуi. Бұл ойынды 01:00-де "Еуразия" Бiрiншi арнасы" тiкелей эфирде таратады.

Нигерия - Босния мен Герцеговина кездесуi сағат 04:00-де өтедi. Оны KazSport және "Қазақстан"телеарналарынан көре аласыздар.