ӘЧ-2014: Бүгiн Италия-Уругвай кездесуі және тағы 3 матч өтедi
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгiн - Бразилияда өтіп жатқан футболдан әлем чемпионатының 13-ойын күнi.
Топтық кезеңнiң үшiншi турында D тобындағы Коста-Рика Англиямен, Италия Уругваймен доп тебедi. Сонымен қатар С тобындағы квартеттiң кездесулерi бар: Грекия - Кот-д'Ивуар және Жапония - Колумбия.
D тобындағы матчтар Астана уақыты бойынша 22:00-де, С тобындағы матчтар 02:00-де өтедi.