ӘЧ-2014: Бүгiн мундиальдiң 1/8 финалдық кездесулерi басталады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгiн Бразилияда футболдан әлем чемпионатының 1/8 финалы басталады.
Ширекфиналдық кезеңге өту үшiн Бразилия Чилимен, Уругвай колумбиялықтармен күш сынасады. Дегенмен уругвайлықтар өздерiнiң ең мықты шабуылшысы - Луис Суарессiз алаңға шығады. Ойын барысында итальяндық футболшыны тiстегенi үшiн оны 4 айға футболдан шеттедi.
Бiрiншi кездесу Астана уақыты бойынша 22:00-де өтедi және тiкелей эфирде "Қазақстан" және KazSport телеарналарынан көрсетiледi.
02:00-де Колумбия-Уругвай матчы басталады. Оны "Еуразия" Бiрiншi арнасынан" көре аласыздар.