ӘЧ-2014: Чемпиондарға кубокты Бразилияның президенті өз қолымен табыстайды
АСТАНА. ҚазАқпарат - 13 шілдеде Рио-де-Жанейрода «Маракаан» стадионында футболдан Әлем чемпионатының 2014 жылғы жеңімпазы анықталады. Ал Кубокты Бразилияның президенті Дилма Роуссефф өз қолымен табыстайды, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.
«Жексенбі күні мен кубокты табыстаймын. Бас жүлде Бразилияға тиеді деген үміттемін», - деп жазды Роуссефф.
Ал Бразилия командасы жеңіске жетуі үшін сейсенбі күні Белу-Оризонтидегі «Минейран» стадионында Германия құрамасын ұтуы керек.