ӘЧ-2014: Германия АҚШ құрамасын жеңiп, плей-оффқа өттi - ВИДЕО
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгiн Бразилияда футболдан әлем чемпионатында Германия құрамасы АҚШ-ты 1:0 есебiмен тiзе бүктiрiп, плей-офф сынына өттi.
Ойындағы жалғыз голды 55-ші минутта Мюллер салды. Осы жеңiсiнен кейiн "немiс машинасы" G тобында бiрiншi орын алып, 1/8 финалға өттi. 4 ұпайы болған АҚШ екiншi орынмен финалдық кезеңдерге жолдама алды. Ал Португалия мен Гана жарыстан тыс қалып отыр.