ӘЧ-2014: Германия пентакампеондарды 5:0 есебiмен жеңiп жатыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгiн Бразилияда өтiп жатқан футболдан әлем чемпионатының жартылай финалдық бәсекесiнде Бразилия Германия құрамасынан 0:5 есебiмен жеңiлiп жатыр.

ӘЧ-2014: Германия пентакампеондарды 5:0 есебiмен жеңiп жатыр

Белу-Оризонти қаласындағы "Минерау" стадионында өтiп жатқан бас айналдырар матчтың небәрi 30 минуты iшiнде германиялықтар 5 гол тоғытып кеттi. Стадиондағы бразилиялық жанкүйерлер ойыннан еш үмiт күтпей, орындарын тастап кетуде. Гол авторлары: Томас Мюллер (11 минут), Мирослав Клозе (23 минут), Тони Кроос (23 және 24-ші минуттарда), Сами Хедира (29 минут). Қазiр бiрiншi тайм аяқталуға жақын.

Айта кетейiк, бұл кездесуде бразилиялықтардың көшбасшысы Тиагу Силва мен команданың үздiк шабуылшысы Неймар алаңға шыға алмаған болатын. Бұл ойында Мирослав Клозе әлем чемпионаттарында 16-шы голын салып, әлемдiк рекордқа қол жеткiздi. Бұның алдында ол бразилиялық шабуылшы Роналдомен бiрге осы рекордты бөлiсiп келген еді.