ӘЧ-2014: Голландия әлем және Еуропа чемпионы Испания құрамасын «шашып» тастады - ВИДЕО
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгiн Бразилияда Әлем чемпионатының топтық кезеңiнде Нидерланды әлем кубогiнiң қазiргi иегерлерi Испания құрамасын 5:1 есебiмен ойсырата жеңдi.
Бiрiншi голды испандықтар ойынның 27-минутында салған болатын. Хаби Алонсо пенальти соғып, командасын алға шығарды. Дегенмен бiрiншi таймның соңына дейiн голландиялықтар есептi теңестiре алды. 44-минутта Ван Перси ала допты баспен қарсыластар қақпасына тоғытып, тамаша голдың авторы атанды. Екiншi таймда Нидерланды футболшылары шабуылға шабуыл қосып, белсендiлiктерiн арттыра түстi. Матчтың 53-минутында Роббен өз командасын алға шығарды. Осыдан кейiн, қызғалдақтар елiнiң командасы шабыттана түскен сыңайлы. Алдымен Де Врей 64-минутта есептi 3:1-ге жеткiзсе, 72-минутта Ван Перси дубль авторы атанды. Оның iзiн ала 80-минутта Арьен Роббен бiрiншiлiктегi екiншi голын салды. Қорытынды есеп - 5:1. Ойын Голландияның басымдығымен аяқталды.
Бұның алдында Әлем чемпионатының топтық кезеңiнде Мексика құрамасы мен Камерун футболшылары кездескен болатын. Онда 1:0 есебiмен Мексика жеңiске жеттi.
Бүгiн, 13 маусым күнi Бразилияда 2014 жылғы футболдан Әлем чемпио н атының тағы бiр кездесуi өтедi.
Астана уақытымен 04:00 сағатта Аустралия мен Чили футболшылары ("Еуразия" бiрiншi телеарнасынан көрсетiледi) ойнайды.