ӘЧ-2014: Гондурасты тұқыртқан Валенсия ең үздiк шабуылшылардың қатарына қосылды - ВИДЕО
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгiн Бразилияда футболдан әлем чемпионаты аясында Эквадор мен Гондурас кездесуi 2:1 есебiмен аяқталды.
Есептi гондурастықтар ашты, кездесудiң 30-минутында Костли көзге түстi. Ал 34-минутта Эннер Валенсия есептi теңестiрiп, кейiн 65-минутта тiптi командасын алға жетеледi. Айта кетейiк, бұның алдында Эквадор Швейцария кездесуiнде Эннер Валенсия бiр голдың авторы атанған болатын. Осылайша, ол осы мундиальда 3 гол салып, француз футболшысы Бензема, неміс Мюллер мен голландиялық аяқдопшылар Ван Перси және Роббенмен бiрге мергендер көшiн бастап келедi.