ӘЧ-2014: Кәрiс футболшыларын ұтқан Бельгия 1/8 финалға шықты - ВИДЕО
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгiн Бразилияда футболдан әлем чемпионатында Бельгия құрамасы Оңтүстiк Корея футболшыларын 1:0 есебiмен тiзе бүктiрдi.
Ойындағы жалғыз голды Ян Вертонген матчтың 77-ші минутында салды.
Осы жеңiсiнен кейiн 9 ұпай жинаған Бельгия Н тобында бiрiншi орын алып, плей-оффқа шықты. 4 ұпай еншiлеген Алжир екiншi орынмен 1/8 финал жолдамасына ие болды. Ал Ресей мен Оңтүстiк Корея мундиальдағы жарысты аяқтады.