ӘЧ-2014: Қиналып жатқан Неймарды ермек үшін бейнежазбаға түсірген медбике жұмысынан шеттетілді - ВИДЕО

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бразилия құрама командасының шабуылшысы Неймарды ұялы телефонының бейне құрылғысына түсіргені үшін медбике жұмысынан аластатылды, деп хабарлайды «РИА Новости».

ӘЧ-2014: Қиналып жатқан Неймарды ермек үшін бейнежазбаға түсірген медбике жұмысынан шеттетілді - ВИДЕО

Бейнежазба футболшыны зембілде дәрігерлер бөлмесіне жедел алып бара жатқан кезде жасалған. Ғаламторға салынған бұл түсірілім көпшіліктің наразылығына қалды. Себебі, ол Неймарды бейнетаспаға түсіргесін, камераны өзіне қаратып, қолымен «жеңіс» белгісін көрсеткенімен қоймай, көрерменге жалынды сәлем жолдаған.