ӘЧ-2014: Колумбия президентінің өкімімен Бразилиямен болатын матчты ел халқы жаппай көретін болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Колумбия Президенті Хуан Мануэль Сантос елдің барлық тұрғындары футболдан әлем чемпионатының ширек финалда осы ел құрамасының Бразилиямен матчын көре алатынын мәлімдеді.

ӘЧ-2014: Колумбия президентінің өкімімен  Бразилиямен болатын матчты ел халқы жаппай көретін  болды

Бұл туралы El Heraldo басылымы хабарлады.

Президенттің өкіміне сәйкес, Колумбияда 4 шілдедегі жұмыс күні 13.00-ге дейін ғана созылып, осы матчты тамашалағысы келгендердің бәрі үйлеріне, немесе ойынды көрсететін қоғамдық орындарға ертерек жетіп алады. Екі құраманың кездесуі жергілікті уақыт бойынша 17.00-ге жоспарланған.

Бразилия мен Колумбия арасындағы ойын 5 шілдеге қараған түні Астана уақыты бойынша 02.00 кезінде басталады.