ӘЧ-2014: Колумбиялық Хамес Родригес ең үздік шабуылшы атанды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Колумбия құрама командасының футболшысы Хамес Родригес 2014 жылы Бразилияда өткен футболдан Әлем чемпионатының үздік шабуылшысы атанып, «Алтын бутсы» сыйлығын жеңіп алды, деп хабарлады «ИТАР-ТАСС».

ӘЧ-2014: Колумбиялық Хамес Родригес ең үздік шабуылшы атанды

Колумбиялық ойыншы 23 жасында әлем чемпионатында 6 гол салған тарихтағы екінші футболшы атанды. Бұған дейін мұндай жетістікке 1958 жылы 17 жасында даңқты Пеле жеткен болатын.

Еске сала кетейік, Колумбия құрама командасы Әлем чемпионатының 1/4 финалына дейін жетіп, Бразилиядан 2:1 есебімен ұтылған болатын.