ӘЧ-2014: Коста-Рика құрамасы ширек финалда Нидерланды командасынан басым түссе, 6 млн. доллар сыйақы алмақ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Коста-Рика құрамасының футболшылары әлем чемпионатының ширек финалында қарсыластарын жеңген жағдайда 6 млн. доллар көлеміндегі сыйақыға ие болады.

ӘЧ-2014: Коста-Рика құрамасы ширек финалда Нидерланды командасынан басым түссе,  6 млн. доллар сыйақы алмақ

Бұл туралы бразилиялық БАҚ-қа сұхбат берген Коста-Рика футбол федерациясының вице-президенті Ноэль Ибо мәлім етті.

"Футболшыларымыз жартылай финалға жолдама алатын болса, сыйақы тағы 6 млн. долларға көбейеді, - деді Ибо. - Жалпы ойыншылар 20 млн долларға ие болады".

Коста-Рика құрамасы топтық кезеңде Уругвай (3:1) және Италия (1:0) командаларын сүріндірді. 1/8 финалда костарикандықтар Грекиядан басым түсті.

Нидерланды - Коста-Рика матчы 6 шілдеде түнгі уақытта Салвадорда өтеді. Кездесуге өзбекстандық Равшан Ирматов төрелік ететін болады.