ӘЧ-2014: Кот Д'Ивуар күтпеген жерден Жапонияны ұтып кеттi - ВИДЕО

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бразилияда футболдан әлем чемпионатында Кот Д'Ивуар Жапония құрамасын 2:1 есебiмен жеңдi.

ӘЧ-2014: Кот Д'Ивуар күтпеген жерден Жапонияны ұтып кеттi - ВИДЕО

Матч барысында жеңiлiп жатқан африкалықтар алаңға атақты Дидие Дрогба шыққан кезде қанаттанып, екi минуттың iшiнде есептi теңестiрiп қана қоймай, ойында алға шықты.

Жеке-жеке айтатын болсақ, матчтың 18-минутында жапониялық футболшы Кейсуке Хонда есеп ашқан болатын. Бұл бiрiншi таймдағы жалғыз гол ретiнде сақталып та қалды. Екiншi таймда 63-минутта Дидие Дрогба шыққан кезде Кот Д'Ивуар құрамасы үлкен күшпен қарсыластар қақпасына лап қойды. Және 64-минутта африкалықтар есептi теңестiрдi. Гол авторы - Бони. Ал 66-минутта Жервиньо тiптi есептi еселеттi.