ӘЧ-2014: Месси Аргентина құрамасына тағы бiр жеңiс әкелдi - ВИДЕО

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгiн Бразилияда футболдан әлем чемпионаты кезiнде Аргентина Иран құрамасын 1:0 есебiмен тiзе бүктiрдi.

ӘЧ-2014: Месси Аргентина құрамасына тағы бiр жеңiс әкелдi - ВИДЕО

Матчтағы жалғыз голды қосымша уақытта 90+2 минутында Лионель Месси салды. Ойын барысында сәттi қорғанып келген ирандықтарды әлемнiң ең үздiк футболшысы Месси алыстан тепкен соққысы арқылы сан соқтырып кеттi.

Айта кетейiк, топтық кезеңде Месси Босния және Герцоговина қақпасына гол салып, өз командасын жеңiске жетелеген болатын.

Екi кездесуде жеңiске қол жеткiзген Аргентина өз тобында 6 ұпаймен көш бастап келедi.