ӘЧ-2014: Месси мундиальда үздiк сұрмергендер көшiн бастады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Әлем чемпионатында жолдары түйiскен Аргентина мен Нигерия матчында дубль авторы атанған дүниежүзiнiң 4 дүркiн үздiк футболшысы Лионель Месси мундиальдағы үздiк сұрмергендердiң көшiн бастаушылардың бiрi атанды.
Мундиальда 4 гол салған Месси бразилиялық Неймарды қуып жеттi.
Ал эквадорлық Эннер Валенсия, нидерландықтар Робин ван Перси мен Арьен Роббен, француз шабуылшысы Карим Бензема, немiс Томас Мюллер, колумбиялық Джеймс Родригес 3 голмен екiншi орындарда келе жатыр.