ӘЧ-2014: Мүгедектерге арналған билеттерді заңсыз алған жанкүйерлер анықталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бразилияда өтіп жатқан футболдан әлем чемпионаты ойынына мүгедектерге заңсыз жолмен билет алған жанкүйерлер алаяқтық бойынша айыпталуда.
Бұл туралы шетелдік БАҚ хабарлады.
Тергеу амалдарын жүргізуге әлем чемпионатында Уругвай мен Англия құрамалары арасындағы матч кезінде орын алған оқиға себеп болды.
Ойын кезінде мүгедектерге арналған арбада отырған бірнеше жанкүйер тартысты кездесу барысында өз орындарынан тұрып, алаңдағы көріністі тамашалаған.
Полиция қазіргі кезде матч трансляциясы кезінде түсірілген фотосуреттер мен телеарналардың материалдарын зерттеп жатыр.