ӘЧ-2014: Неймар мундиальдiң ең үздiк сүрмергендердiң көшiн бастады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бразилияда өтiп жатқан футболдан әлем чемпионатында атақты шабуылшы Неймар мундиальда өткiзген үш ойында төрт голдың авторы атанып, үздiк сүрмерген атағына ие болып отыр.

ӘЧ-2014: Неймар мундиальдiң ең үздiк сүрмергендердiң көшiн бастады

Бүгiн оның Камерунға қарсы ойнаған матчта дубль жасағанын еске сала кетейiк. Осылайша, Неймар мундиальда 3 гол салған Коста-Рика шабуылшысы Эннер Валенсия, француз футболшысы Бензема, неміс Мюллер мен голландиялық аяқдопшылар Ван Перси және Роббендi артқа тастады.