ӘЧ-2014: Сегізаяқ Паульдің орнын тасбақа басты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бразилияда футболдан өтетін әлем чемпионатының ашылуына аз ғана уақыт қалды. Жанкүйерлер болса, «жануарлар» болжамының марафонын іске қосты.

ӘЧ-2014: Сегізаяқ Паульдің  орнын тасбақа басты

Олар бұл жолы алғашқы ашылу матчының нәтижесін болжауда тасбақаға сенім артты. «Үлкен бас» атауын иеленген қос мекенді жануар Бразилия құрамасы туының жанындағы балықты таңдап, Хорватиямен ойында пентакампеондар жеңіске жететіндігін болжады.

Еске сала кетсек, ОАР-да өткен футбол ойындарын болжауда Пауль аталған сегізаяқ танымал болған еді. Ол Германия құрамасының барлық матчтарының нәтижесін дәл тапты. Сондай-ақ, біршама тура келген болжамды пілдер, торайлар, тотықұстар, тіпті өрмекшілер де жасаған болатын.