ӘЧ-2014: Швейцария Гондурастың тас-талқанын шығарып, финалдық бәсекелерге жолдама алды - ВИДЕО

АСТАНА. ҚазАқпарат - Футболдан әлем чемпионатының топтық кезеңiнде Швейцария Гондурас құрамасын 3:0 есебiмен ойсыратып, 1/8 финалға жолдама алған командалардың қатарына қосылды.

ӘЧ-2014: Швейцария Гондурастың тас-талқанын шығарып, финалдық бәсекелерге жолдама алды - ВИДЕО

Үш голдың барлығын да Джердан Шакири салып, хет-трик авторы атанды.

Осы жеңiстен кейiн Швейцария 6 ұпай жинап, Е тобынан екiншi орынмен шықты. Бұл топта сонымен қатар 7 ұпай жинаған Франция да 1/8 финалға өттi. Ал Гондурас пен Эквадор осымен мундиальдағы жарысты тоқтатты.