ӘЧ-2018 алаңы үшін құм алып жатқан карьерден мамонттың тісі табылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Калининград облысы Гусевский ауданы аумағында футболдан ӘЧ-2018-ге арналған стадион құрылысы үшін құм қазып жатқан жұмысшылар мамонттың тісін тауып алды.

ӘЧ-2018 алаңы үшін құм алып жатқан карьерден мамонттың тісі табылды

Бұл туралы жұма күні «Интерфаксқа» құнды олжа тапсырылған Әлемдік мұхит музейінің ғылыми қызметкері хабарлаған.

«Тісті Гусевский құм карьерінен әкелді. Соңғы кездері осындай олжалар жиі табыла бастады. Өйткені Калининградта қарьерлер баршылық»,-дейді ол.

Зерттеушілер табылған тістің салмағы екі келіні құрайтындығын айтады. Ол 30-60 метр тереңдіктен табылған.

«Бұдан бұрын облыстың орталық бөлігінен ересек мамонттың 7 келі тартатын тісін әкелген»,-деп еске алады музей өкілі.