ӘЧ-2018: ФИФА рекордтық 6 млрд доллардан астам табыс таппақ
АСТАНА. ҚазАқпарат - ФИФА-ның 2018 жылғы Әлем чемпионатындағы табысы 6,1 млрд долларға жетуі мүмкін, деп жазады The New York Times басылымы ФИФА-ның қаржы құжаттарына сілтеме жасап.
Бұл көрсеткіш бұрын болжам жасалған сомадан 10% артық.
Халықаралық футбол федерациясы телетрансляциялар құқығын сатудан 3 млрд доллар пайда табуды жоспарлаған болатын. Соңғы деректерге қарағанда, ФИФА-ның осы бағыттағы табысы жоспардағыдан 2% (60 млн доллар) көп болады.