ӘЧ-2018: Финалдық кезеңде жеребе тастау рәсімін жүргізушілер белгілі болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Англия құрамасының бұрынғы футболшысы, эксперт Гари Линекер мен ресейлік журналист Мария Командная 2018 жылы Ресейде футболдан өтетін әлем чемпионатының финалдық кезеңінде жеребе тастау рәсімін жүргізетін болады.
Бұл туралы ФИФА-ның ресми сайтында жарияланды.
Жеребе тастау рәсімі 1 желтоқсанда Мәскеудегі Мемлекеттік Кремль сарайында өтеді.