ӘЧ-2018: Футболдан әлем чемпионатының ресми эмблемасы жұртшылыққа таныстырылмақ
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2018 жылы өтетін футболдан әлем чемпионатының эмблемасы жұртшылыққа 28 қазанда Мәскеудегі Үлкен театрдың қасбетінде жарықты шоу-проекциямен таныстырылады. Бұл туралы «Ресей-2018» ұйымдастыру комитетінен хабарлады.
Шоу Мәскеу уақыты бойынша сағат 23.30-да басталады. Ол Ресейдің Бірінші арнасынан тікелей эфирде көрсетіледі. Сондай-ақ шара барысында турнирдің ресми логотипінің тұсаукесері өтеді. «Үлкен театр Ресейдің әлем танитын символы болып табылады, ол біздің дәстүріміздің келбеті іспеттес. Біз елімізде өтетін футболдан әлем чемпионаты миллиондаған жанкүйерлерге орыс мәдениетінің бар байлығын паш етеді, ал ӘЧ-2018-нің ресми эмблемасы осы тарихи турнирдің бірегей көрінісі бола алады, деген сенімдеміз», - деді ӘЧ-2018-ге әзірлік жөніндегі ұйымдастыру комитетінің бас директоры Алексей Сорокин. Естеріңізге сала кетейік, 2018 жылғы футболдан әлем чемпионатының матчтары Мәскеу, Санкт-Петербор, Сочи, Калининград, Дондағы Ростов, Волгоград, Самара, Нижний Новгород, Екатеринбург, Қазан және Саран қалаларында өтеді. Ол шамамен 2018 жылдың 8 маусымы мен 8 шілдесі аралығында өткізіледі, деп жоспарлануда.