ӘЧ-2018: Самарада «супержанкүйерге» алғашқы төлқұжат берілді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Футболдан әлем чемпионатының Тіркеу және төлқұжат беру орталығы (Fan ID) сейсенбіде Самарада өз жұмысын бастады.
Өңірдегі алғашқы Fan ID 26 жастағы «супержанкүйер» Елизавете Левановағы берілді, деп хабарлайды ТАСС Самара облысы Дене шынықтыру және спорт министрлігіне сілтеме жасап.
«Еңбек сіңірген ардагер және "Крылья Советов" футбол командасының ойыншысы Антон Бобер атаған орталықтың ашылу салтанатында «супержанкүйерге» алғашқы самаралық төлқұжатты тапсырды. Сондай-ақ құжат беретін қосымша орталық "Самара-Арена" стадионында да ашылады», - дейді баспасөз қызметіндегілер.
Леванованың айтуынша, ол тек Самарада ғана емес, өзге де қалалардағы ойындарға баруды көздеп отыр.
«Самарада маңызды матч - Ресей мен Уругвай командаларының кездесуі өтеді. Біз бұған дайынбыз, біздің қаламызға келетін жанкуйерлерді қуанышпен қарсы аламыз»,- деп атап өтті салтанатты ашылу рәсімінде Самара облысы үкіметі төрағасы орынбасарының міндетін уақытша атқарушы, өңірдің ақпараттық технология және байланыс департаментінің жетекшісі Станислав Казарин. Сондай-ақ Тіркеу және Fan ID беру орталығы Нижний Новгород және Дондағы Ростов қалаларында да ашылды.
Мұндай құжатты ӘЧ -2018 матчтарына билет аған әрбір көрермен алуы тиіс. Ол тегін беріледі.