ӘЧ-2018: Ұлттық құрама матчтарын Kazsport көрсетеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Футболдан 2018 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі Қазақстан құрамасының барлық ойындарын Kazsport телеарнасы тікелей таратады.

 ӘЧ-2018: Ұлттық құрама матчтарын Kazsport көрсетеді

Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында «Қазақстан» РТРК» АҚ басқарма төрайымы Нұржан Мұхамеджанова мәлім етті.

«»Қазспорт» телеарнасының 2016-2017 жылдарға арналған маусымы өте қызық болады. Телекөрермендеріміз футболдан 2018 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі Қазақстан ұлттық құрамасының барлық ойындарын тамашалай алады. Қазақстан-Польша арасындағы алғашқы ойынды тамашаладыңыздар»,-деді өткен матчты еске салған Н.Мұхамеджанова.

Жалпы, «Қазспорт» арнасы 2018 жылғы әлем чемпионатынан 9 ойынды тікелей таратады.

Футболдан 2018 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Қазақстан құрамасы мына кестеге сай алаңға шығады:

2016 жыл, 8 қазан - Черногория - Қазақстан

2016 жыл, 11 қазан -Қазақстан - Румыния

2016 жыл, 11 қараша - Дания - Қазақстан

2017 жыл, 26 наурыз - Армения - Қазақстан

2017 жыл, 10 маусым- Қазақстан - Дания

2017 жыл, 1 қыркүйек- Қазақстан - Черногория

2017 жыл, 4 қыркүйек - Польша - Қазақстан

2017 жыл, 5 қазан - Румыния -Қазақстан

2017 жыл, 8 қазан- Қазақстан - Армения.