08:22, 29 Қараша 2015 | GMT +5
ӘЧ: Қазақстандық зілтемірші Надежда Ногай бесінші орынды қанағат тұтты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Хьюстонда (АҚШ) өтіп жатқан ауыр атлетикадан әлем біріншілігі өз мәресіне жетті, деп хабарлады Sports.kz.

Байрақты бәсекеде әйелдер арасында 75 келіден жоғары салмақта бақ сынаған жерлесіміз Надежда Ногай бесінші сатыдан көрінді. Бұл сында бірінші орынды ресейлік Татьяна Каширина, екінші орынды қытай қызы Мен Супин, ал үшінші орынды солтүстіккореялық Кук Хьян Ким еншіледі.
Ауыр атлетика. Әлем чемпионаты. Хьюстон (АҚШ),
Әйелдер. 75 келіден жоғары.
1. Татьяна Каширина (Ресей) - 333 (148+185)
2. Мен Супин (Қытай) - 325 (145+180)
3. Кук Хьян Ким (КХДР) - 298 (130+168)
5. Надежда Ногай (Қазақстан) - 292 (131+161).