ӘЧ күміс жүлдегері Р.Нурудинов И.Ильинді «машина» деп атады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыдағы ауыр атлетикадан әлем чемпионатының күміс жүлдегері Руслан Нурудинов (Өзбекстан) Илья Ильинді «машина» деп атады.

ӘЧ күміс жүлдегері Р.Нурудинов И.Ильинді «машина» деп атады

«Илья - нағыз машина. Одан бәрін күтуге болады. Мен тіпті 239 келі көтерсем де бәрібір оған жете алмайтынымды білдім. Бірақ та, іштей үмітімді үзбедім. Дегенмен, негізгі сайыс Олимпиадада болады», - деп атап өтті өзбек ауыратлеті сенбі күні баспасөз мәслихатында.

Еске сала кетейік, қоссайыс қорытындысында И.Ильин 432 келіні (190+242) көтерді, сөйтіп, төрт дүркін әлем чемпионы атанды. Екінші орынды өзбекстандық Р.Нуридинов еншіледі - 432 келі (193-+239), үшінші орында ресейлік Давид Беджанян - 427 келі (187+240).